Жалпы ақпарат

«Ермек Серкебаев атындағы өнерде дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» - Солтүстік Қазақстан облысында музыка және кескіндеме бағытта жалпы орта білімі бар жалғыз кәсіптік оқу орны.

Мектеп миссиясы «Еуропалық және ұлттық мәдениеттердің үздік жетістіктерінің органикалық синтезінде тәрбиеленген, қоғам талап ететін табысты шығармашылық маманды қалыптастыру».

Директор - Кашенева Рауза Әбутәліпқызы - педагогикалық ғылымдар кандидаты, жоғары біліктілік санатты оқытушысы, үшінші санатты басшысы. «Мәдениет Қайраткері» құрмет белгісінің, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Еуропалық өнер академиясы орденінің кавалері, Оксфорд университетінің құрметті профессоры, Алтын медаль және «Жылдың үздік басшысы 2015» ұлттық сертификатының иегері.

Мектептің жұмыс істеу уақытында 428 оқушы түлек болды, олардың басым бөлігі өнер колледжі мен жоғары арнаулы оқу орындарында өзінің кәсіби оқуын жалғастырды. 2006 жылы мектеп-интернаты «Дарын» мектептер желісінің құрамына енді.

Мектеп-интернаттың материалдық-техникалық базасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келеді, оқу процесін ұйымдастыру үшін маңызды құрамдас бөлік болып табылады. Оқу орнында заманауи кәсіби аппаратурамен жабдықталған дыбыс жазу студиясы жұмыс істейді.

Бейіндік циклде мектеп-интернат бастауыш және негізгі орта білім беру бағдарламаларын іске асырады, оқыту нәтижелеріне бағдарланған және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен бекітілген талаптарға сәйкес келеді. Мектеп-интернатта оқу 1-9 сыныптар аралығында мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді, барлығы 10 сынып - жиынтық.


Біздің мектепте бірнеше ұжым бар, олардың өнер көрсетуінсіз біздің облыстың бірде-бір үлкен іс-шарасы өтпейді. Мысалы, мектептің жиынтық хоры облыста жақсы танымал, оның жетекшісі Таушев Асхат Айткенұлы.

Домбырашылар ансамблі, оның жетекшісі - Қазақ халық аспаптары бөлімінің оқытушысы Сапаркулова Майра Сұлтанқызы.

«Назқоңыр» қобызшылар ансамблі, жетекшісі - Қазақ халық аспаптары бөлімінің оқытушысы Маштакова Назгүл Жадыгерқызы.

Жас оқытушы Кислощей Артем Васильевич басқаратын скрипкашылар ансамблі.

Сондай-ақ, Бичурина Эльмира Раисовнаның басқаратын байқауларының бірнеше лауреаттары қыздар хоры, Лукьянова Алла Александровнаның вокалдық ансамблі.

Шығармашылық ұжымдар


ФЛЕЙТИСТТЕР АНСАМБЛІ


ҚОБЫЗШЫЛАР АНСАМБЛІ


СКРИПКАШЫЛАР АНСАМБЛІ


ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ​


«ВДОХНОВЕНИЕ» ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛІ




Текст
Виртуальная приемная