Қазақстан Республикалық колледж колледжінің үздік 100 студенті!

Достар, біздің студентімізге дауыс беріңіздер!

ссылка для голосования

https://kasipkor.kz/prod/top100/student.php?id=43

Абиева Акерке Капезовна
Мамандығы: «Вокалдық өнер»
Оқу курсы: 3

Менің аты-жөнім Абиева Акерке қазіргі таңда өнер колледжінің үшінші курс студентімін.

Жеті жыл бұрын мен кім екенімді,не қолымнан келе алатын білмей әлек болғам, бірақ өмірімді өнермен байланыстырып, маған не керек екенін түсіне бастадым.

Осы салаға кіру арқылы өзімді жан жақты дамытып,әлемдік (“Канада-Украиналық ТОРОНТО-2021 фестивалі” 1-дәреже, “WONDER FEST GEORGIA” 1-дәреже, “SWEDEN`S TALENTS” 1-дәреже, “AMANAT MUSIC” 1,2-дәрежелер) деңгейдегі көптеген сайыстарға қатысып, талай тәжірибе алып, қоғамға үлесімді қалай қоса алатынымды білдім. Жалпылай айтқанда музыканың қоғамдағы орнын, оның пайдасын, ерекшелігін тереңдей бақылау арқылы өз өңірімдегі өнер саласын дамыту мен үшін мақсатқа айналды.

Бұл мақсатқа жету үшін мен алдымен өз өңірімде көптеген жобаларды ашып, аудитория жинау арқылы халықты мәдениет саласына тарту қажет. Соны іске асыру үшін ең алдымен өз білімімді, дағдыларымды нығайтқаным жөн.

Екіншіден, бұл адамдармен тіл табыса білу. Тіл - ол достықтың алтын көпірі деп халықта жайдан жай айтылмаған. Шынымен де, адамдармен жақсы байланыс ұстасан, мүмкіндігін кеңейтілетінің жәйті болады.Оған қоса, келешекте еліміздің мәдениетінің қайраткері болатын кезім күн көргенде, сауатты сөйлеу менің болашақта жарық көруде құрал-сайманым болмақшы. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

Халқымызда музыка өнерін әлі де сақтап дамытып отырған тұлғалар бар, солардың ішіне болашақтың үміті ретінде мен бармын, сонымен қатар, еліміздің келешекте өнер саласына көптеген өзгерістер алып келемін деген сенімдемін

«Мен болашақ маманмын және менің Қоғамдық қызметім» бейнесi

Өз жобасын таныстыру

https://docs.google.com/presentation/d/1BGMCxafn4zhG5Q5jFCTb_Djp3sufp1cB/edit?usp=sharing&ouid=100181802105229268816&rtpof=true&sd=true

Достар, біздің студентімізге дауыс беріңіздер!

ссылка для голосования

https://kasipkor.kz/prod/top100/student.php?id=139&vote=1

Берден Қуаныш Нұржанұлы
Специальность: Актерское искусство
Курс обучения: 4

Қайырлы күн! Менің атым-Қуаныш. Бүгінде мен Солтүстік Қазақстан облысының орталығындағы өнер колледжінің соңғы курсында оқимын. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде қиялыма қанат бітірген арманымның орындалуына да көп қалған жоқ. Арманға жету жолында аянбай ізденіп, ерінбей еңбектеніп,мақсатқа апарар жолдың қиыншылығын төзімділікпен, қайсарлықпен, табандылықпен жеңіп келемін. Себебі, мен дүниеге келген әулеттегі атам Берден Әскендірұлы мен әкем Нұржан Берденұлының ән айтып, домбыра тартып, ән әлемі мен поэзия әлеміне жақын болуы мені де өнер әлеміне тартып, болашақта алдыма өнердің қыр-сырын тереңінен меңгеріп, осы саладағы мықты кәсіби маман боламын деген нақты мақсатты қоюыма түрткі болды. «Парасат» мектеп-лицейінде орта білім ала жүріп, алдыма қойған мақсатыма барар жолда алғашқы қадам жасап, аудан орталығындағы «Мерей» өнер мектебінің домбыра сыныбына оқуға түстім.Алғашқыда саусақтарымның домбыра пернелерін басуға икемге келмеуінен қиыншылықтарды сезінсем де, күш-жігерімді жинап, алға қарай басудан тайынбадым. Нәтижесінде, қазақтың атақты күйшілерінің елге танымал күйлерін нақышына келтіре тарта отырып, әр түрлі жоғарғы деңгейдегі сайыстардың жеңімпазы атандым. Ұлттық аспапта ойнау өнерін ұлы ақындарымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқумен ұштастырып, бұл бағытта да белестерді бағындыра бастадым.Аудандық , облыстық «Абай оқулары», «Мағжан оқулары» сайыстарының бас жүлделеріне ие болдым.Менің осындай жетістіктеріме қуанып, болашағыма сенім білдірген өнер мектебінің ұжымы аудандық Мәдениет үйінде «Арманға қарай бір қадам» атты тақырыпта шығармашылық кешімді ұйымдастырып, болашаққа жол сілтеп, ақ батасын берді.Киелі өнер мектебі мен туған-туысқанның берген батасымен рухтанып, қанаттанған мен мақсатқа апарар жолдағы келесі сатыға қадам басып, Петропавл қаласындағы өнер колледжінің «драма театры әртісі» мамандығы бойынша оқуға түстім. Колледж қабырғасында алған теориялық білімім мен Сәбит Мұқанов атындағы облыстық сазды драма театрындағы практикалық оқу сабақтары мені одан сайын жігерлендіріп, жаңа белестерді бағындыруға итермелеп, шабыттандыра түсті.Оқу ордасы облыс орталығында болғандықтан, мені қызықтыратын, өзіне тартып, жаңа , тың бағыттарды көрсете алатын іс-шаралар мен жобалардың да шеңбері кеңейе түсті.Жаңа жерде жаңа мүмкіндіктер, жаңа идеялар туындап, жұмысқа белсене кірісіп кеттім. ХХ ғасырдың жаман індеті саналатын нашақорлыққа қарсы бағыттылып ұйымдастырылған әлеуметтік роликтер сайысында облыстық деңгейде бас жүлдені жеңіп алдым.Бұл жерде бас жүлдеден қоса басқа да жеңіске жеткенім мені қатты қуантты. Үздіксіз ізденіп, тынымсыз еңбек жасауымның арқасында бейнероликтердің сценарийін жазып, оны бейнебаян қылып түсіріп, монтаждауды да меңгеріп алдым.Бұл, әрине, мен үшін үлкен жеңіс! Жуырда оңтүстіктегі жастарға арналған «Серпін» бағдарламасын қолдап, насихаттауға байланысты түсірілген қысқа метражды фильмде Ахмет есімді жігіттің бейнесін сомдап шықтым. Осылайша уақыт көшімен келе жатып,менің болашақ мамандығыма деген қызығушылығымның артып келе жатқанына қуаныштымын!Мені қолдап келе жатқан бойымдағы қасиеттердің арқасында мен мақсатыма жетететініме сенемін!! Назар аударып, көңіл бөлгеніңіз үшін рахмет!

«Мен болашақ маманмын және менің Қоғамдық қызметім» бейнесi

Өз жобасын таныстыру

https://docs.google.com/presentation/d/1BGMCxafn4zhG5Q5jFCTb_Djp3sufp1cB/edit#slide=id.p2

Болашақ маманның кәсіби құзыретін және қоғамдық қызметті растайтын құжаттар

https://disk.yandex.ru/d/JCHIAeybHHzCqA

Достар, біздің студентімізге дауыс беріңіздер!

ссылка для голосования

http://kasipkor.kz/prod/top100/student.php?id=303

Мұқан Жалғас Болатбекұлы
Специальность: Драма театр әртісі
Курс обучения: 3

Барша оқырманға сәлем! Менің аты-жөнім - Жалғас Мұқан. Өнер колледжінде актёр мамандығы бойынша тәлім аламын. Болашақтан күтер үмітім - Голливудтағы алғашқы қазақстандық актёр атану. Ол ол ма, Голливудты Қазақстанға көшіру. Біреуге бұл жай ғана арман болып көрінер, бірақ мен үшін - меже. Оған қол жеткізбекке қазірден бастап тынымсыз еңбек етуді қолға алдым.
Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде ой-санам гуманитарлық бағытқа өте жақын болды. Шығарма жазуда, өлең оқуда көш алдында болмасам да, соңында қалып көрген емеспін. Бәлкім, бұл бойыма жазушы Сафуан Шаймерденовтің қаны дарығандықтан (мен оның шөбересімін) яки сәби кезімнен анамның ертегісін, атамның домбырасын тыңдап өскендіктен болар. Бала оқытатын педагог, құрылғы құрастыратын инженер, бума-бума қағаздың ортасында отыратын «офисмен», ақша санайтын банкир ретінде өзімді, тіпті, елестепедім. Партадан болашағымды өнер жолымен сабақтастырамын деп белді бекем будым. Абай, Мағжан оқуларына, аймақтық айтыстарға белсене қатыса отыра, бастапқыда өзімді ақын, жазушы ретінде елестеткенім де жасырын емес. Қанша дегенмен, алғашында өнер асуында белгілі бір саланы дәлдеп таңдай алмаған едім. Керісінше, сала мені таңдады десем, дұрыс болар. Актёрлік мамандыққа деген қызығушылығым «Жайдарманға» тұңғыш қадам басқан күннен арта бастады. Езуді екі құлаққа жеткізер астарлы әзіл, тапқырлық пен ой ұшқырлығын талап ететін жастар ойындарының сахнасында актерік саланың менің жолым екендігін түсіндім. Түсіндім де, көп ойланбастан өнер колледжіне құжаттарымды тапсырдым.
Мамандық алу бір бөлек, әлеуметтік ортаны дамытуда да алға қойған айқын мақсаттарым бар. Мен баяндайын, сіз оқыңыз! Елімізді дамытып, өркениетті қоғамға жетелеудің жолдары жетерлік. Мен таңдаған бағыт – қазақстандықтардың еліне, жеріне деген патриоттық сезімін, отансүйгіштігін ояту, ұлтқа деген жанашырлықты дәріптеу. «Қазақстанның жас патриоттар академиясының» мүшесі ретінде айтарым – елге деген махаббат тақырыбы қоғамда қашан да болсын актуалды. Тек сол махаббатты бәрі бірдей сезіне бермейді. Сезінсе, туған тілін ұмытып, өзгесінде сөйлеуді құп көретіндер көбейер ме еді, мыңдаған отандасымыз ата жұртын тастап, жат жерге ерікті түрде қоныс аударар ма еді, әрі кетсе елдің қамын жеп, мұңын мұңдап, жоғын түгендеуі тиіс шенеуніктеріміз пара алар ма еді?! Мұның бәрі - елге деген жанашырлықтың төмендігінен не, тіпті, жоқтығынан. Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болуы үшін, жоғарыда аталған проблемаларды арамшөп сияқты түп-тамырымен жұлып тастау керек. Жұлып тастаудың бірден бір жолы - жастардың бойында отансүйгіштікті қазірден тәрбиелеу. Нәтижеге жету үшін патриотизм идеяларын жылжытуға қарқын қосу керек. Ең бастысы, кеңестік кезеңнен қалған ескі идеологиялық методикадан түбегейлі бас тарту керек. Өйткені, пайда одан шамалы. Одан да төмендегі істі қолға алған абзал:
1. Ашық алаң, саябақтарға шығып, қала тұрғындарының патриотизм терминіне деген көзқарастарын сұрап, шағын сұхбаттар жүргізу шарт. Бұл анализ үшін керек. Сараптама нәтижесіне қарай отыра, үгіт-насихат жұмыстарының бағытын айқындау жеңілірек болады;
2. Жастар арасында тарихи мұраға бай ғимараттарды, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи–өлкетану музейін, Абылай хан Резиденциясын жарнамалау. Бұл мектеп, колледж я университетте мәжбүрлі түрде билет алдыру деген сөз емес. Мұндай практиканың бары жасырын емес, бірақ одан қайыр шамалы. Ақша таппаққа билеттерді тықпалағанша музейлердің басшылығына әлеуметтік желідегі белсенділікті арттырған жөн. Мұнда құрғақ посттармен шектелмеу керек. Меніңше, минуттық шағын роликтер, вайндар жариялау арқылы жарнамалаған жөн. Қысқасы жастармен жастарша тілдесе, қызығушылықтарын оята білу шарт;
3. Үлкен экранға қазақстандық фильмдерді көптеп шығаратын кез келді Бұл – ең өзекті проблемалардың бірі. Отандық кинематографияда көруге тұрарлық туындылар баршылық, бірақ басым бөлігі прокаттан тыс қалып жатады. Кинотеатрларымыз басымдықты рейтингісі жоғары шетелдік фильмдерге береді. Бірен-саран қазақстандық ленталар болғанның өзінде, олар орыс тілінде көрсетіледі. Қазіргі бойжеткен-бозбалалардың киноны кинотеатрлардан көруге әуес екенін ескерер болсақ, олардың афишаларында төл туындыларымыз жиірек орналасса, әрі қазақ тілінде көрсетілетін болса, ерте ме, кеш пе біздегі фильмдердің голливудтағыдан кем еместігін түсінеміз.
4. Қазақстанның табиғаты - тамаша! Солтүстіктегі Шалқар мен Имантау көлдеріндегі көріністердің өзі еріксіз таңдай қақтырады. Бурабай, Қапшағай, Шарын, Балқаш, Алакөл – көрікті жерлердің тізімі ұзақ. Швейцариядан кем емеспіз, десе де жастарымыз манағы Қапшағайды емес, Швейцарияда тыныққанды қуана-қуана таңдар еді. Сондықтан, ішкі туризмді дамыту керек. Жастар үшін арнайы маршруттарды жасап, топтарды құрып, ел аумағы бойынша саяхатқа шығу мүмкіндігін қарастыру керек. Ең бастысы, олар шамадан тыс қымбат болмауы тиіс. Оқып жүрген студенттің қалтасы онсыз да жұқа, сондықтан құны күйіп тұрған саяхат көбісіне қолжетімсіз. Егер қолжетімді болса, қазақ даласының қаншалықты көркем екенін көрген өскелең ұрпақ елде қалып, оның игілігі үшін еңбек етуді қалайтын болады.
Осы бірнеше пунктке сыйған үлкен іс атқарылса, жастарға жақсы бағыт-бағдар береміз деген ойдамын. Амбиция, әрине, жоғары. Мұның бәрін қолға алуға дайынмын, бірақ жеке өзімнің көп нәрсені жасай алмайтынымды да түсінемін. Сол себепті, билік тарапынан қолдау керек. Жастармен тілдесіп, олардың бойында елге деген махаббат сезімін оятуда актёрлік мамандықты меңгеру барысында қалыптасқан ораторлық шеберліктің тигізер септігі зор. «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл». Иә, бұл мақал қанша шығармада қолданылмады, қанша рет айтылмады десеңізші. Бірақ, мәнісіне үңілер болсақ, оның тереңде жатқанын түсінуге боалы. Қазақстан – баршамыздың туған Отанымыз, ортақ үйіміз. Онсыз біз жетім сияқтымыз. Сондықтан атамекенімізді қорғау, қадір тұту және елімізді көркейтер жастарға келешекке алып барар жол салу – біздің міндет. Ал ол жол тек қана биік белестерге апарсын десек, Отанды бүгіннен сүю керек.



Текст
Виртуальная приемная