Тәжірибиелық ұйымдастыру

Кәсіби практика

Білім алушылардың кәсіптік практикасы білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі және практика базаларында білім алушыларды кәсіптік-практикалық даярлаудан тұратын оқу процесін ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады.

Практика теориялық және практикалық оқыту арасындағы байланыстырушы буын болып табылады және білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға, нақты дағдылар мен қабілеттерді игеруге және жетуге бағытталған.

Практикалардың түрлері мен мақсаттары кестеде келтірілген

Кесте 1

Біліктілік

Мамандығы

Практика түрлері

Практика мақсаты

040400 Аспаптық орындаушылық және музыкалық өнер (түрлер бойынша)

0404013 Балалар музыка мектебінің оқытушысы, концертмейстер

0404023 Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр, ансамбль әртісі (жетекшісі)

0404033 Балалар музыка мектебінің оқытушысы, халық аспаптар оркестрінің әртісі (жетекшісі)

Педагогикалық

Аспапта ойынды оқыту әдістемесінің курс мазмұны бойынша білімді қолдану;

- Педагогика мен психологияның жас ерекшеліктерін ескеру;

- БММ оқу-әдістемелік құжаттаманы жүргізу;

- Оқушылардың жеке жоспарларын жасау;

- Оқушылармен пратикалық жұмыс жасау

0404013 Балалар музыка мектебінің оқытушысы, концертмейстер

Концертмейстер

- жұмысты және концерттік қойылымдарды ұсыну, балалармен, аспапшылармен, вокалистермен, хормен сүйемелдеу;

- репертуарды зерттеу және жинақтау;

- парақтан оқу, транспозициялау;

- музыкалық шығармаларға орындаушылық талдау жасау;

- репетициялық жұмыс дағдыларын және концертмейстер ретінде концерттік қойылымдарды алу

0405000 Хор дирижері

0405013 Оқытушы, хормейстер

Мектептік

- жалпы жұмысты бақылау және зерделеу;

- оқытушының қатысуымен студенттердің сабақ өткізуі;

- сабақта оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің тәсілдері мен әдістерін бақылау және байқау;

- сабақтарды өз бетінше әзірлеу және өткізу.

Хор

- әр түрлі вокалды-хор жаттығуларын үйрену және орындау.

- жаттау бойынша жұмыс және шығарманы тұтастай қамту;

-авторлық мәтінді толық талдау, мазмүнды талдау;

- оқушылардың хор сыныбының ұжымымен жұмысы;

-орындалатын шығармалардың партитурасын талдау;

- әр түрлі регистрлердегі дыбыс шығару дағдылары;

- балалар музыка мектептерінде, балалар өнер мектептерінде хормейстердің хор пәндері оқытушысының практикалық жұмысын көрсету.

0406000

Музыка теориясы

0406013 Балалар музыка мектебінің оқытушысы

Сольфеджионы оқыту практикасы

сольфеджио курсында оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану;

- метро мен ритмды, дирижерлауды және тактирлеуді дамыту;

- лад есту қабілетін дамыту;

- парақтан ән айтуды үйрету;

- музыкалық диктант жазудың дұрыстығы.

Музыкалық әдебиетті оқыту практикасы

- жас педагогикасы мен психологиясының ерекшеліктерін біліп қолдану;

- сольфеджионы оқыту әдістемесі курсының мазмұны бойынша білімді қолдану;

- отандық және әлемдік музыкалық әдебиет курсының мазмұны бойынша білімді қолдану;

- балалардың музыкалық есту қабілетін тәрбиелеу ерекшеліктерін ескеру.

0407000 Ән айту

0407013 Академиялық ән айту әртісі, ансамбль солисі

0407023 Балалар музыка мектебінің оқытушысы, домбырамен халық ән айту әртісі

0407033 Балалар музыка мектебінің оқытушысы, эстрадалық ән айту әртісі

Педагогикалық

аспапта ойынды оқыту әдістемесі курсының мазмұны бойынша білімді қолдану;

- жас педагогикасы мен психологиясының ерекшеліктерін ескерту;

- БММ оқу-әдістемелік құжаттаманы жүргізу;

- Оқушылардың жеке жоспарларын жасау;

- Оқушылармен пратикалық жұмыс жасау

Концерттық

- өзін-өзі бақылау сезімін тәрбиелеу

-сахнада өзін-өзі ұстай білу

0408000 Хореографиялық өнер

0408023 Би ансамблінің әртісі

Кәсіби практика

- хореографиялық ұжым қатысушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту және қойылымдарды ұйымдастыру;

- бос уақытты ұйымдастырушы және педагог-хореографиялық ұжымның жетекшісі ретінде жұмыс істеу.

0409000

Актерлік өнер

0409013 Драма театрның әртісі

Өндірістік практика

- кез-келген жанрдың нөмірін қою(миниатюра, ертегі, өлең, пантомима, пародия өлеңдері және т.б.) және оны жұмыстардың бірінде қолдану.

-бұқаралық-театрландырылған қойылымның қорытынды жұмысын қоюды жүзеге асыру.

0412000 Кескіндеме, мүсін және графика (түрлері бойынша)

0412013 Суретші

Диплом алдындағы

- таңдалған тақырыпқа сәйкес және жетекшімен келісілген бітіру біліктілік жұмысын әзірлеуге дайындық

Колледж практика базаларымен жасалған шарттар негізінде студенттерді практикалық оқытуды жүзеге асырады:

1. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры

2. Бейнелеу өнері мұражайы

3. Ақан Сері атындағы СҚО филармониясы

4. « В Яблочко» жарнама агенттігі

5. № 8 эстетикалық тәрбие кешені ОМ

6. Қожаберген жырау атындағы № 6 ОМ

Колледжде студенттерді практикалық оқытудың негізгі базасы болып табылатын педпрактика балалар мектебі ашылды.

Кесте 2.

Мамандығы

Практикадан өту орны

Фортепиано

Колледж жанындағы БММ

Музыка теориясы

Колледж жанындағы БММ

Ішекті аспатар

Колледж жанындағы БММ

Халық аспаптары

Колледж жанындағы БММ

Үрмелі және ұрмалы аспаптар

Колледж жанындағы БММ

Орыс халық аспаптары

Колледж жанындағы БММ

Ән айту

Колледж жанындағы БММ

Хор дирижирлеу

№8ОМ, № 6ОМ

Хореографиялық өнері

Ақан Сері атындағы СҚО филармониясы

Актерлік өнері

Орыс драма театры, қазақ драма театры

Кескіндеме

Бейнелеу өнері мұражайы, « В Яблочко» жарнама агенттігі

Барлығы :

6 кәсіпорындар

Педагогикалық және кәсіптік практика басталар алдында директордың практикадан өту туралы бұйрығы шығарылады, онда практика жетекшілері, өтудің мерзімдері мен жұмыс жоспары-кестесі тағайындалады. Басшылар әдіскерлермен бірлесіп практика базасынан белгілеу конференциясын өткізеді, онда білім алушыларға ұйымның мақсаты, міндеттері, мазмұны, нысандары, практикадан өту тәртібі және оның нәтижелері бойынша есептілік түсіндіріледі.

Белгіленген және қорытынды конференциялар құрылған комиссияда өтеді, оған колледжден, практика базасынан, меңгерушіден практика жетекшілері, ПЦК меңгерушілері, ОӨЖ жөніндегі директордың орынбасары кіреді.



Текст
Виртуальная приемная