Іс-шараралар


2022 жылғы 5 қазанда 8-9 сынып оқушыларымен СҚО әкімдігі ІІБ "Қоғамдық даму және ақпарат орталығы" КММ маманы Т.С. Оразовпен балалар мен жасөспірімдерді бейбітшілікке тәрбиелеу, экстремизм мен терроризм проблемасын терең түсіну, осы құбылысқа қатысты өзінің азаматтық ұстанымын қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды.


21.09.2022 ж. 5-сынып оқушылары мен жаңадан келген оқушыларға "Әлеуметтік-психологиялық қызметпен танысу" іс-шара өтті. Онда балалар әлеуметтік педагог пен педагог-психологтың қызметімен толығырақ танысты. Сондай-ақ, балаларға мектепте "Сенім жәшігі", оның орналасу орны мен негізгі мақсаты туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар оқушылар моральдық, эмоционалдық және рухани қолдау қажет болған жағдайда "Сенім телефондары", "Шұғыл қызметтер" нөмірлерімен танысты.


2022 жылдың екінші жартыжылдықта зорлық-зомбылық пен теріс ықпалға қарсы тұрудың жеке ресурстарын нығайту үшін жағдай жасау шеңберінде мектеп оқушыларымен "Буллинг мектептегі зорлық-зомбылықтың бір түрі ретінде"тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Оқушыларға "Ақылды бол", "Қудалау ЖОҚ!", "Қорлау жоқ - егер немқұрайлылық болмаса" бейнероликтерді қарауға ұсынылды. Бейнероликтерді көргеннен кейін оқушылармен бірге "Буллинг" ұғымы талқыланды (ағылшынша bullying сөзі, bully — бұзақылық, бұзақы, дөрекі, қорлаушы). Сынып сағатының соңында оқушылар "Буллингті бірге жеңеміз" келісіміне қол қойып, балаларға "Буллингке қалай қарсы тұруға болады"жадынамаларын таратты. Рефлексия ретінде оқушыларға "Тілек ағашы" ұсынылды, онда оқушылар стикерлерде сыныптастарына достық, келісім, түсіністік және жылы қарым-қатынас туралы оң тілектерін жазды.


2021 жылы 17 қараша «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы аясында «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат» кешенінде» КММ 5-9 сынып оқушыларымен әкімшілік сот төрағасы Дамир Еркінұлы Шамуратовпен «Бала құқығы» тақырыбы бойынша онлайн форматта кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, өз құқықтары үшін жауапкершілікті сезінуге ықпал ету; басқалардың құқықтарына оң көзқарас қалыптастыру, кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілігімен таныстыру.


«Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп интернат кешені» КММ ЖИТС-тің алдын -алу және оған қарсы күрес орталығының өкілі Оксана Юрьевна Симухина мен
8 - 9 сынып оқушылары арасында «АИВ-инфекциясының алдын- алу» тақырыбы бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Бұл кездесудің негізгі мақсаты – оқушылардың АИВ/ЖИТС-тің алдын-алу туралы хабардарлығын арттыру және дені сау салтын қалыптастыру.

Ол оқушыларға АИВ және ЖҚТБ не екенін және олардың айырмашылығын айтып берді. АИВ-инфекциясынан кейін ағзада не болады, аурудың сатысы, берілу жолы және алдын-алу шаралары. Жыныстық жолмен берілетін аурулар мәселесін де талқыланды.

АИВ/ЖИТС туралы ақпарат сарапталған (баланың жасына сәйкес) және баланың түсіну қабілетіне сәйкес келді. Өйткені, балаға өзін АИВ/ЖИТС-тен қалай қорғау керектігін үйретудің ең тиімді жолы бейресми жағдайда әңгімелеу болып табылады.


«Ең үздік...» акциясы

Мектепте 2021 жылдың 29 қарашасынан 6 желтоқсанына дейін "Ең үздік..."акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты - мектепте қолайлы климат құру және психологиялық жеңілдету үшін жағымды эмоциялар алу. Акцияға балалар ғана емес, мұғалімдер де қатысты. Акция қатысушыларына номинацияда "Ең үздік" деп саналатын оқушылардың немесе мұғалімдердің аты-жөндерін жазу қажет болды. "Ең үздікті" анықтау үшін акцияда бірнеше номинация қолданылды: "Ең ақылды", "Ең сенімді", "Ең мейірімді", "Ең жауапты", "Ең көңілді", "Ең батыл". Акцияның қорытындысы бойынша келесі "Ең үздік"анықталды:

- "Ең ақылды" номинациясы - 8 "б" сынып оқушысы Дегтярёва Полина

- "Ең көңілді" номинациясы - 8 "А" сынып оқушысы Серікпаева Ақниет

- "Ең мейірімді" номинациясы - 7 "б" сынып оқушысы Уатаева Аида

- "Ең жауапты" номинациясы - 9 "б" сынып оқушысы Репкин Андрей

- "Ең жауапты" номинациясы - 7 "А" сынып оқушысы Сәулет Жансая

- "Ең көңілді" номинациясы - 8 "б" сынып оқушысы Абгаева Айдана, 8 "А" сынып оқушысы Абай Мерейлі, 8 "А" сынып оқушысы Балаш Айша, 7 "б" сынып оқушысы Емельяненко Вера, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әскерова Әлия Камальбековна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тюгинбаева Ақерке Калымовна.

Сондай-ақ, акцияның нәтижелері "Гран-при" сияқты тағы бір номинацияны бөлу қажеттілігін көрсетті, өйткені барлық номинацияларда дауыстарды санау нәтижесінде балалар мен мұғалімдердің жиі қайталанатын тегі мен аты-жөні анықталды. Сондықтан "Гран-при" номинациясы келесі қатысушыларға беріледі:

- "Бас жүлде" номинациясы - 9 "б" сынып оқушысы Лещенко Эвелина, 7" б "сынып оқушысы Абилькасым Назия, 9 "б" сынып оқушысы Кудальцова Агнелина, тарих пәні мұғалімі Тукен Кебек Шаяхметұлы, биология және жаратылыстану пәні мұғалімі Қайбылда Нұрмұхмед Ибаділлаұлы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Шәріпов Нұрсұлтан Бауржанұлы.

Мектеп психологиялық қызметі


2021 жылы 1 қазан 7 "б" сыныбында "Зиянды заттарды қолдануды алдын алу" тақырыбында сабақ өткізілді. Мақсаты: балалардың денсаулықтарына әсер ететін зиянды әдеттерді және олардың алдын-алу тәсілдерін қарастыру. Бұл сабақта оқушыларға зиянды заттарды қолдану туралы бейнеролик көрсетіліп, талқылау жасалынды.

Нәтижесінде темекі шегу, алкоголь мен есірткіні қолдану жаман әдеттер болып саналады деген тұрақты сенім қалыптастарылды.


2021 жылы 8 қыркүйек "б" сыныбында "Бала құқықтары туралы Конвенция"тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты - балаларды Конвенцияның негізгі ережелерімен таныстыру және баланың құқықтары туралы түсінік беру


2021 жылы қыркүйек-қазан айларында 5 - 9 сыныптарда мектеп психологы Кәрімқызы Майя "Әлемде жоқ жануарларды топпен сурет салу" психологиялық сабағын өткізді. Сабақ "Әлемде жоқ жануардың суреті" проективтік әдістемеге негізделеді, ол балалар тобын біріктіруді, әр оқушы үшін психологиялық жайлылық атмосферасын құруды, балалардың ынтымақтастыққа деген көзқарасын, оқушылардың бір-бірімен тиімді қарым-қатынасын құруды қамтиды. Мұндай сабақтарда сынып екі топқа бөлінеді, әр топқа А3 форматындағы парақта әлемде жоқ жануарды салу тапсырмасы беріледі, жануардың өз атауы болуы керек, ол қайда тұрады, не жейді, жануардың көңіл-күйі қандай, яғни оқушылар ойлап тапқан жануарға толық сипаттама берді. Жұмыс барысында оқушылар топтарда жұмыс істей алатындығын, ынтымақтастыққа дайын екендіктерін, тапсырманы орындау кезінде жиналатындығын және осы жұмысқа қызығушылық танытатындығын көрсетті.


2021 жылы 1 – 20 қыркүйек аралығында мектеп-интернатта әлеуметтік-психологиялық қызметі «Тәрбиелік картасы» әдістемелікті (Н.П.Капустин) қолданып, 5 – 9 сынып оқушыларымен сауалнама өткізді. Осы сауалнама жарты жыл ішінде нәтижені белгілей отырып, оқу жылы ішінде балалардың тәрбие деңгейін бақылауды қамтиды. Сауалнамада 124 оқушы қатысты. Сауалнама нәтижелері мектеп-интернат оқушыларына тұрақты оң мінез-құлық, тәуелсіздікті, ұйымшылдық пен өзін-өзі реттеудің көрінісі тән екенін және сондай-ақ оқушылардың тәрбиесінің орташа деңгейін көрсетті. Сыныптар тұрғысынан тәрбие деңгейі орташа деңгейден орташа деңгейден жоғары деңгейге дейін өзгереді.


14 қараша күні 5-7 сынып оқушыларымен «Сен және сенің құқығың» тақырыбы бойынша кездесу өтті.

Бұл кездесудің мақсаты балаларға алғашқы құқықтық білім беру.

Міндеттер:

- «заң, тәртіп, құқықтар, міндеттер» ұғымдарын қалыптастыру;

- баланың құқықтарымен таныстыру.

1989 жылдың 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымымен қабылданған «Бала құқықтары туралы Конвенция» кітабы көрсетілді. Сондай-ақ, оқушылармен бірге әлемдегі барлық балалардың қандай құқықтарға ие екенін қайталадық.

Әлеуметтік педагог: Ж.Б.Мустафина.


6-7 сынып оқушыларымен «Вообразилия елі» атты өткізілген іс-шара туралы ақпарат

2020 жылдың 13 қарашасында 6 – 7 сынып оқушыларымен «Вообразилия елі» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың фантазия мен қиялды дамыту, шығармашылыққа қызығушылықты қалыптастыру. Іс-шара барысында балаларға ойлау процесстерді, фантазияны, шығармашылықты және қиялды белсендетуге мүмкіндік беретін бірнеше тапсырмаларды орындауға ұсынылды. «Сөзден сөз ойлап табу» тапсырмасы: оқушылар «Стоматология» сөзі арқылы сөздің әріптерін қолданып жаңа сөздер құрастырды, мысалы: магия, солома, атом, сто, томат, том, маг және т.б. Келесі «Жаңадан ойлап табу» тапсырмада балаларға ұсынылған люстра, ілгіш, шаңсорғыш, фонтан, араластырғыш, кілем, желдеткіш, әткеншек заттарға жаңа функция мен қолдануын ойлап тапты. Мысалы, Тлеулина Айнұр желдеткіш арқылы одан да көп сабын көпіршіктерді үрлеуге, бояуларды араластырғышпен араластыру болатынын тапты, Аужан Даниал фонтан арқылы гүлзарларды суаруға, ал Гурова Дарья шаңсорғышпен қол жетімді емес жерден жоғары тұрған заттарды алуды ұсынды. Келесі «Друдлы» тапсырмада оқушылар берілген суреттерде не бейнеленгенін анықтап тапты. Бұл тапсырманың мәні - көптеген жауаптар болуы мүмкін, өйткені бұл тапсырмада логика емес, фантазия мен қиялды қолданып тапсырманы орындау керек екені болды. Балалар берілген суреттерге көптеген мысалдар келтірді. Соңғы тапсырмада балалар ақ қағазға «Вообразилия елін» салды. Тапсырма фантазия мен қиялды дамыту үшін шығармашылық болды: мүмкін осы елде ерекше атаулары бар таулар, өрістер, өзендер болады; мүмкін ерекше жануарлар мен фантастикалық адамдар мекендейді, сонымен қатар Жер планетасында жоқ қалалардың жаңа атаулары болатын мүмкін және т.б. Суреттер сайысы нәтижесі бойынша І орынға Тлеулина Айнұр ие болды, ІІ орын - Латфулина Анита, Шерияздан Дариға, ІІІ орын - Аужан Даниал, Женченко Стефания.


«Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» Кешені» КММ 8-9 сынып оқушылары арасында «Психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік» тақырыбында өткізілген лекция туралы ақпарат

«Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» бағдарламасын» іске асыру шеңберінде 2020 жылдың 22 қазанында мектебімізде 8 – 9 сынып оқушылар арасында «Психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік» тақырыбында лекция өтті. Лекция барысында оқушылармен бірге келесі сұрақтарды талқыладық: физикалық денсаулығымен қатар психикалық денсаулығының да нығайту қажеттілігінің маңыздылығы туралы; психикалық денсаулықтағы күрделі мәселелерді дер уақытта болдырмау мүмкіндіктері туралы; қиындықтарды жеңуге, өзіңе немесе досыңа психикалық денсаулықты сақтап, нығайтуға көмектесетін амалдары туралы; өмір бойында адам басына келетін дағдарыс сәттерін жеңу және мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін қалай табуға болатыны туралы.


«Өнер колледжі-музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандырылған мектеп-интернаты» кешені» КММ бірыңғай сынып сағатын өткізу туралы ақпарат

2019 жылы 10 сәуір күні акт залында 7-9 сыныптар аралығында әлеуметтік-психологиялық қызметі «Бала құқықтары туралы Конвенциясы» тақырып бойынша бірыңғай сынып сағатын өткізді.

Сынып сағатының мақсаты: Бала құқықтары туралы Конвециясында жарияланған баланың негізгі құқықтарымен оқушыларды таныстыру; негізгі құқықтық құжаттар туралы ұсыныстарды және «Құқық», «Міндеттер» ұғымдарды қалыптастыру; төзімділікке, өзара түсіністікке және теңдікке тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеттері: құқық пен міндеттерінің бірлігін көрсету; оқушылардың құқықтық білімдерін арттыру, оларды жеке өмірінде қолдануға үйрету; жеке құқықтық сана-сезімін, өзге адамның құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сынып сағатын өткізу барысында презентация түрінде 1989 жылы 20 қараша БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған бүкіл әлеміндегі бала құқықтардың қорғауларын қадағалайтын маңызды құжат - Бала құқықтары туралы конвециясымен оқушылар танысты. Оқушылармен бірлесіп, осы заңының негізгі баптары қарастырылды, сонымен қатар сабақ барысында еркін атмосферада пікірталас жүргізілді, толық жауаптар беретін сұрақтар қойылды, баптарды және өмір жағдайларын талқылады.


2019 жылы 24 қаңтар Мамандандырылған әкімшілік сот өкілдерінің 8-9 сынып оқушыларымен "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбы бойынша кездесуі өтті.

Аталған кездесудің мақсаты жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу болып табылады. Кездесу барысында түнгі уақытта заңды өкілдердің сүйемелдеуінсіз болу, жол жүру ережелері, зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу және т.б. өзекті мәселелер қарастырылды.


Мектебіміздің әлеуметтік-психологиялық қызметі «Із тапқыш» ойынын іске асырып, сондай-ақ «Күлімсіреп, басқаға тапсыр», «Ең керемет», «Менің сұрағым келеді», «Менің айтқым келеді», «Егер мен сиқыршы болсам», «Емтихан алдындағы тілектер» акциялар өткізді.

Бұл ойындар мен жаттығулар балалар арасында достық, мейірімді ахуал қалыптастыруға, сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі, осының барлығы оларға жаңа тәжірибе жинақтауға, бір-бірімен қарым-қатынас кезінде түрлі әсерлерге ие болуға мүмкіндік береді.


2018 жылы 21 қараша 5-6 сынып оқушыларына «Баланың құқықтары мен міндеттері», «Әдепсіз сөз», «Жаппай төбелес» тақырыбында КІИ инспекторы Д.Е.Бопашевамен кездесу ұйымдастырылды.

Аталған әңгіменің мақсаты балаларға көшедегі және мектептегі құқықтары мен міндеттерін еске салу. Сондай-ақ, зиянды заттарды пайдаланудың қауіптілігі туралы кезднсуде мәселелер қаралды.


2018 жылы 7 қараша 7-9 сынып оқушылары үшін «АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу» тақырыбы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілі Қ.М. Құсайыновамен кездесу ұйымдастырылды.

Бұл кездесу Дүниежүзілік ЖҚТБ-ге қарсы күрес күніне орайластырылған. Әңгімелесудің мақсаты: оқушылардың АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу туралы хабардар болуын арттыру және денсаулықты сақтайтын мінез-құлықты қалыптастыру.


2018 жылы 24 қазан СҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Ж.Б.Байғазинамен 8-9 сынып оқушыларына "Нашақорлық - проблема? Жоқ, қасірет!" атты тақырыпта кездесу ұйымдастырылды. Әңгімелесу барысында оқушыларға ІІД баспасөз қызметінің қатысуымен "Спайстарды пайдаланудың салдары" бейнефильмі көрсетілді.

Бұл кездесудің мақсаты: есірткінің адамдардың денсаулығы мен тағдырына теріс әсерін көрсету болып табылады. Жастарды есірткіге қарсы күреске тарту.


2018 жылы 10 қазан Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы арасында 8-9 сынып оқушыларымен "Темекі шегудің алдын алу" тақырыбы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілі К.М. Құсайыновамен кездесу өткізілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - оқушыларда жауапты денсаулық сақтайтын мінез-құлық, темекі шегуден саналы түрде бас тарту дағдыларын қалыптастыру болып табылады.




Текст
Виртуальная приемная