Жаңалықтар тізбегі

Облыс әкімі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері Рауза Қашенованы құттықтады. Өмірінің жарты ғасырға жуығын музыкаға арнаған ұлағатты ұстаз талантты вокалистердің бірнеше буынын тәрбиелеп, музыкалық фестивальдердің лауреаты болды. Бүгінгі күні еңбегі еленіп, аймақ басшысы ел Президентінің құттықтау хатын табыстады.

Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп интернатында балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Бүгінгі таңда біз мектебіміздің дамуы мен оқушыларымыздың жетістікке жетуіне бар күш жігерімізді салудамыз. Соңғы оқу жылында оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың ауыз толтырып айтарлық жетістіктері ұшан теңіз. Оқушыларымыз өнермен бірге білімді де ғылымды да қатар алып жүрген нағыз талантты жас дарындар. Оқу ағарту министрлігінің 514 бұйрығына сәйкес және де Дарын республикалық ғылыми практикалық орталығының жоспарына сай қалалық және облыстық деңгейдегі түрлі олимпиадалар ,ғылыми жобалар,түрлі зияткерлік сайыстар мен байқаулардан жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Солардың бірегейі ; Астана қаласы astana music game байқауы ; 1 орын Пак Александр,Досжан Нұрдаулет,2 орын Пак Елизаветта; Алматы қаласы мамандандырылған мектептер арасында 9 республикалық жас орындаушылар байқауында; Екінші деңгейлі диплом лауреаты – Мұхитұлы Зейнер,Үшінші денгейлі диплом лауреаты-Султанов Константин, Диплом – Киташев Вячеслав; Астана қаласы, Халықаралық «Астана – Мерей» байқауы 800 астам жас таланттар қатысқан жарыста үздіктеріміз топ жарып 3 орынды иеленді; Әшкен Жанболат, Тайжан Нұрсұлтан, Нұрлан Шырайлым. Петропавл қаласы облыстық Ақберен байқауы – Ораз Ақгүл 3 орын,Жұмекен Асылжан, Серікқазы Исламия жүлделі 2 орын, Республикаға жолдама алған 1 орын иегері Әділбек Дінмұхаммед; Түркия мемлекеті Алания қаласы «Global art competition» -Халықаралық байқауы; Жүлделі орын; Кислощей Радмир – 3 орын, Мұхитұлы Зейнер 2 орын, Кулибекова Анель, Есім Бахтияр 1 орын иеленді.Алматы қаласы Ахмет Жубанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауы – Жүлделі 1 орын Мұхитұлы Зейнер, жүлделі 3 орын Габидуллин Данис,Есім Бахтияр, Оплетин Иван, Султанов Константин диплом.Петропавл қаласы Республикалық «Зерде» байқауының облыстық кезеңінде жүлделі 3 орын Әшкен Жанболат, Шенкнехт Добрыня. Облыстық жоғарғы лига байқауы жүлделі 3 орын иегері Курманова Даяна. Сонымен қатар мекемеміз республикалық,облыстық іс-шараларға өте белсенді. Мекемеміздегі 130 дан астам жас дарындар өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ұстаздарымен бірлесіп көптеген жобаларды жүзеге асыруда. Біз атап өткен жетістіктер соңғы 1 жылдың жемісі. Алдағы уақытта мектебімізден Қазақстанды әлемгі әйгілі етер нағыз таланттар шығарына кәміл сенімдіміз.

Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп интернатында балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Бүгінгі таңда біз мектебіміздің дамуы мен оқушыларымыздың жетістікке жетуіне бар күш жігерімізді салудамыз. Соңғы оқу жылында оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың ауыз толтырып айтарлық жетістіктері ұшан теңіз. Оқушыларымыз өнермен бірге білімді де ғылымды да қатар алып жүрген нағыз талантты жас дарындар. Оқу ағарту министрлігінің 514 бұйрығына сәйкес және де Дарын республикалық ғылыми практикалық орталығының жоспарына сай қалалық және облыстық деңгейдегі түрлі олимпиадалар ,ғылыми жобалар,түрлі зияткерлік сайыстар мен байқаулардан жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Солардың бірегейі ; Астана қаласы astana music game байқауы ; 1 орын Пак Александр,Досжан Нұрдаулет,2 орын Пак Елизаветта; Алматы қаласы мамандандырылған мектептер арасында 9 республикалық жас орындаушылар байқауында; Екінші деңгейлі диплом лауреаты – Мұхитұлы Зейнер,Үшінші денгейлі диплом лауреаты-Султанов Константин, Диплом – Киташев Вячеслав; Астана қаласы, Халықаралық «Астана – Мерей» байқауы 800 астам жас таланттар қатысқан жарыста үздіктеріміз топ жарып 3 орынды иеленді; Әшкен Жанболат, Тайжан Нұрсұлтан, Нұрлан Шырайлым. Петропавл қаласы облыстық Ақберен байқауы – Ораз Ақгүл 3 орын,Жұмекен Асылжан, Серікқазы Исламия жүлделі 2 орын, Республикаға жолдама алған 1 орын иегері Әділбек Дінмұхаммед; Түркия мемлекеті Алания қаласы «Global art competition» -Халықаралық байқауы; Жүлделі орын; Кислощей Радмир – 3 орын, Мұхитұлы Зейнер 2 орын, Кулибекова Анель, Есім Бахтияр 1 орын иеленді.Алматы қаласы Ахмет Жубанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауы – Жүлделі 1 орын Мұхитұлы Зейнер, жүлделі 3 орын Габидуллин Данис,Есім Бахтияр, Оплетин Иван, Султанов Константин диплом.Петропавл қаласы Республикалық «Зерде» байқауының облыстық кезеңінде жүлделі 3 орын Әшкен Жанболат, Шенкнехт Добрыня. Облыстық жоғарғы лига байқауы жүлделі 3 орын иегері Курманова Даяна. Сонымен қатар мекемеміз республикалық,облыстық іс-шараларға өте белсенді. Мекемеміздегі 130 дан астам жас дарындар өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ұстаздарымен бірлесіп көптеген жобаларды жүзеге асыруда. Біз атап өткен жетістіктер соңғы 1 жылдың жемісі. Алдағы уақытта мектебімізден Қазақстанды әлемгі әйгілі етер нағыз таланттар шығарына кәміл сенімдіміз.

«Эстрадалық ән айту» бөлімінің 9-сынып оқушысы Аужан Даниал мен оның ұстазы Алена Алиевна Шин халықаралық "Zhuldyz art Kazakhstan" конкурсының жеңімпазы атануымен құттықтаймыз.
Сізге шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
Сонымен қатар, конкурстың жалғасынан жақсы жаңалықтар күтеміз. Сіздер сертификатты міндетті түрде пайдаланып, шетелдік сахнада өз өнеріміздің көрермендерге паш етесіздер деп ойлаймыз.

13-17 қараша аралығында елордада XIX -шы Халықаралық «Астана-Мерей» конкурсы өтті. Оған 800-ге жуық адам қатысты. Біздің оқушылар келесі нәтижелерді көрсетті:

«Дәстүрлі ән айту бөлімі» бөлімі.
Кажкен Мурат ( оқытушы: Есжанов Биржан Сарсембаевич) - 2 орын
Серікқазы Исламия (оқытушы: Айтбаев Жанат Хамитович) – диплом

«Қазақ халық аспаптары»бөлімі Домбра:
Әшкен Жанболат (оқытушы:Кудерова Тойкен Кабиевна) - 3 орын,
Нурлан Шырайлым (оқытушы: Айтбаева Шахтам Сайлыбаевна) - 3 орын,
Тайжан Нурсултан (оқытушы: Хамзина Алтын Сериковна) - 3 орын,
Әбілқайыр Алтынай (оқытушы :Гафуров Кайырлы Кабылбекович) - диплом.

Барлық балаларды және олардың оқытушыларын құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!

Қазақстандық өнер колледжінің студенттері Мұхтар Әуезовтің «Жетім үлесін» ұсынды

«ГИТИС – шеберлік сыныбы» ТМД елдерінің театр фестивалі аясында ГИТИС Оқу театрының сахнасында «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ студенттері «Қорғансыздың күні» атты спектаклін ұсынды. Қоюшы режиссёр – курстың көркемдік жетекшісі Разиев Асылхан Талғатұлы.

Фестивальге «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ студенттері алғаш рет қатысуда. Ұжым Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» повесі бойынша әйелдердің қиын тағдыры туралы қойылым қойды.

«Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ - кәсіптік деңгейдегі өнер мамандықтары бойынша инновациялық білім беру саласының кластері, Солтүстік Қазақстан облысындағы оқу-әдістемелік және концерттік-шығармашылық орталығы.Мекеме қызметінің міндеті зияткерлік қызметтің әртүрлі салаларындағы дарынды балаларды анықтау: музыка, кескіндеме, актерлік және хореография.

Фестиваль ТМД-ға мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық Мемлекетаралық қорының қолдауымен және TV BRICS ақпараттық қолдауымен өткізілуде.

Фото: Марина Устинкова

Дереккөз: https://gitis.net/press/news/studenty-kolledzha-iskusstv-iz-kazakhstana-predstavili-sirotskuyu-dolyu-mukhtara-auezova/


«ФИЗМИНУТКА» республикалық челленжі

Қосымша білім беру мектептері арасындағы Республикалық «Атамекен» сурет байқауының қорытындысы белгілі болды.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «№1 өнер мектебі» МКҚК.

Орта топ (12-14 жас)
2 орын:
- Ораз А.
- Приходько А.
Оқытушы- Федорова К.Э.

3 орын:
- Синтикова Л.
Оқытушы- Федорова К.Э.

Үлкен топ (15-18 жас)
1 орын:
- Бейсембай М.
Оқытушы - Джаманчалова Е.Д.

2 орын:
- Колесникова В.
-Табылдыев Р.
Оқытушы - Джаманчалова Е.Д.

3 орын:
- Гурова Д.
- Абай М.
Оқытушы - Джаманчалова Е.Д.

Конкурс жеңімпаздары мен оқытушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

17 марта состоялось торжественное вручение дипломов победителей конкурса детского творчества
"ВСЕ КРАСКИ НАУРЫЗА ", который провела художественная школа дворца школьников в рамках празднования НАУРЫЗА.

Поздравляем победителей и преподавателей конкурса:

-Вундерлих Яна- 1 место, преп. Джаманчалова Е.Д.
-Плохотина Ангелина- 1 место, преп. Федорова К.Э.

-Бейсембай Мадияр- 2 место, преп. Джаманчалова Е.Д.
-Гурова Дарья- 2 место, преп. Джаманчалова Е.Д.
-Орлова Мирослава- 2 место, преп. Федорова К.Э.
-Ходякова София- 2 место, преп. Джаманчалова Е.Д.

-Абай Мерейлi- 3 место, преп. Джаманчалова Е.Д.
-Брыкина Маргарита- 3 место, преп. Федорова К.Э.
-Слуцкая Полина- 3 место, преп. Федорова К.Э.

17 наурыз С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында НАУРЫЗ мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік дәстүрге арналған іс-шараның тақырыбы: поэзия, музыка, би, сонымен қатар «Кескіндеме» бөлімі оқушыларының жұмыстарының көрмесі ұсынылды.

​"КРАСОТА БОЖЬЕГО МИРА"

2023 жылдың 15 қаңтарында Петропавл қаласының Погодин атындағы драма театрында «Красота божьего мира» Халықаралық балалар шығармашылығы байқауының епархиялық кезеңінің жеңімпаздарына салтанатты түрде дипломдар табыстау рәсімі өтті.

«Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ оқушылары ГРАН-ПРИ жеңімпаздары атанды:
- Абай Мерейлi
- Вундерлих Яна
- Бейсембай Мадияр
- Гурова Дарья
- Петрова Дарья
- Табылдиев Расул
Балаларды және мұғалімдер Е.Д.Джаманчалованы.,К.Э.Федорованы жеңіспен құттықтаймыз!

Е.Серкебаев атындағы ДБМ «Кескіндеме» бөлімінің оқушысы Мерейлі Абай және оқытушысы Руженская К.П. «Илья Воротынцев мембраналық және каталикалық процестер зертханасында» жұмысымен Бүкілресейлік көркем диктантқа қатысты.
Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің қызметкерлері өздерінің ректоры бейнеленген туындыға қызығушылық танытты.
Олар бізді керемет жетістігімізбен құттықтап,оқушыны демалыс кезінде сыйлықты ұсыну үшін Мәскеу қаласына шақырды.
Өте жақсы жаңалық! Кескіндеме бөлімінің оқытушылары мен оқушылары әдеттегідей бізді жетістіктерімен қуантуда . Бәрекелді! Тағы да жақсы жағалықтарды күтеміз...

15 қарашада «Өнер Колледжі-Ермек Серкебаев атындағы өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» КММ «Жұмыс берушілер күні» жұмыс берушілер мен болашақ түлектер үшін диалог алаңы форматында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: жұмыс берушілермен кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша одан әрі тиімді ынтымақтастығы.

Конференц-залда педагогтар мен студенттердің жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен диалог алаңы өтті. Онда оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Г.Л. Рыжик «Кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастық ретінде әлеуметтік әріптестік» баяндамасымен сөз сөйлеп, жұмыс берушілермен ынтымақтастықтың негізгі міндеттері мен бағыттарын ашты. Кездесу барысында әр біліктіліктің өзіндік ерекшеліктерін ашып, колледж әр мамандықты таныстырды.

Өз ұсынысымен М. Қозыбаева атындағы СҚМУ профессоры Колесникова Г. А.сөз сөйледі.

Іс шара жұмыс берушілерді Білім министрлігі мен колледждің алғыс хаттарымен марапаттау рәсімімен аяқталды.

Білім Министрлігінің Алғыс хаттарымен Ақан сері атындағы облыстық филармониясының директоры Б.Ж. Ақмағамбетова, Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры С. У. Рамазанова марапатталды. Қалған қатысушыларға облыстық ЦТДиЮ директоры - Новик В.Ф., М. Қозыбавеа СҚМУ музыка кафедрасының меңгерушісі -Ж. А. Мұхатаеваға, М. Қозыбаева СҚУ профессоры Г. А. Колесниковаға, «Мерей» өнер мектебінің директоры А.С. Сенкибаеваға, №8 мектеп эстетикалық бағыты директорының орынбасары - Н. М. Фоменкоға колледждің алғыс хаттары берілді.

Құттықтаймыз !!!

2022 жылы 10-16.10 аралығында Түркияның Алания қаласында өткен «Global Art Competition» II Халықаралық байқау-фестивалінде оқушыларымыздың жеңісі Республика күніне арналған тамаша сыйлық болды.
Байқауда Грузия, Түркия және Қазақстан елдерінің қатысушылары өздерінің орындаушылық шеберліктерін көрсетті,ал қазылар алқасы халықаралық деңгейдегі орындаушылардан болды.

Арнайы фортепиано бөлімінің 7Б сынып оқушысы Пак Елизавета таңғажайып өнерімен көрермендер мен әділ қазылар алқасын баурап, байқаудың бас жүлдесі Гран-приді лайықты жеңіп алды.

Домбырамен ән айту бөлімінің 7А сынып оқушысы Есмұратұлы Ілияс қатысып, құрметті 3 орынға ие болды.

Оқушыларымызды, олардың ата-аналарын, арнайы пәндер оқытушылары Вчерашняя Елена Александровнаны ,Есжанов Біржан Сәрсенбаевичті кезекті жеңісімен құттықтаймыз,шығармашылық табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!

30 қыркүйекте Халықаралық музыка күні қарсаңында ДБМ қабырғасында «Форте трио» Мемлекеттік ансамблінің концерті өтті. Концерттен кейін Трионың көркемдік жетекшісі Тимур Акрямович Урманчеев ДБМ оқушыларына шеберлік сабақтарын өткізді. Тимур Урманчеев – белгілі қазақ пианисті, педагог,Қазақ ұлттық Өнер Университетінің профессоры, көптеген Халықаралық пианистер конкурстарының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Баршаңызға қайырлы күн!

Ресей тұңғыш императорының туғанына 350 жыл толуына арналған «Петрддң 350 сәті» халықаралық сурет байқауының қорытындысы белгілі болды.

Байқауды ұйымдастырушылар – Бірінші​ Андрей​ Апостол​ қоры және Алматы қаласындағы ​ ТМД-да ​ тұратын отандастар істері және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі ТМД Федералдық агенттігі.

«ПЕТРДІҢ 350 СӘТІ» СУРЕТ БАЙҚАУЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖҰМЫС ҮШІН​ АЛҒЫС​ ХАТТАР ​ келесі жұмыстарға берілді:

Абай Мерейлі - "Дауыл"

Бейсембай Мадияр - "Реформатор"

Яна Вундерлих – «Петрдің балалық шағы»

Байқау ​ жеңімпаздары ​ құрмет​ грамоталары ​ мен естелік сыйлықтардың иегерлері атанды.

Барлық​ оқушыларды​ құттықтай​ отыра, алдағы уақытта шабыт пен шығармашылық жеңістер тілейміз!!!

Әлемге атақ-даңқы шыққан, тау тұлғалы азамат - осыдан елу жыл бұрын әлем сахнасында қайталанбас дауысымен жарқырата ән шырқап, әлемдік кеңістікте қазақстандық мәдениетіміздің еркін көсілуіне есік ашқан.2021 жылы 22 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің №39 қаулысымен Кешенімізге Қызылжардың төлтумасы, КСРО халық әртісі, Қазақстанның алтын дауысы Ермек Серкебаевтың есімі берілді.

Ермек Серкебаев есімі еш ұмытылмайды, өнер жолы мәңгі жалғаса береді, жарқын жұлдыздың шапағаты жас ұрпаққа өнер жолына бағдар беріп тұрады...

Ермек Серкебаев жұлдызы шәкіртерімізге жол сілтеп, дамуына жаңа серпін беретініне, ұлы маэстро есімі ұстаздарымызды биік мақсаттарға жетелейтініне және біз үлкен жетістіктердің куәгерлері болатынымызға кәміл сенеміз.

Өнер ордамызға табыс, өркендеу мен шығармашылық және әлемдік өнер сахнасында студенттеріміздің жарқын жұлдыздары жансын деп тілейміз.

«Отбасы - бақыт тірегі: біздің ата-әжелеріміз» виртуалды арт-акциясының жеңімпазы – Канафина Диляраны құттықтаймыз!

Жеңімпаз дипломын Дәляраға Мәскеу қаласы Білім және ғылым Департаментінің әдістемелік орталығы, Халықаралық суретшілер-педагогтар одағының үздіксіз көркемдік білім беру басқармасы жолдады.

Осындай үлкен жетістік Диляра мен ұстазы – Евгения Дмитриевна Джаманчалованың кәсіби даму мен шығармашылық ізденіс жолындағы жүйелі жұмыс істеудің нәтижесі деп білеміз.

Диляра, Евгения Дмитриевна, Сіздерді осындай керемет жеңісіңізбен құттықтай отырып, көздеріңізде әр кез бақыт пен қуаныштың оты жарқырасын, өмірде, шығармашылық жолыңызда үнемі сәттілік жолдас болсын деп тілек білдіреміз.

Бүгін мектебімізге құрметті ардагер-ұстазымыз – Серікбай Бәриұлы Құсайынов келіп кетті. Қарт ұстазымызды кешен директоры Р.А. Кашенева қарсы алып, әңгіме-дүкен құрып біраз сөйлесті. Серікбай Бәриұлы Кешенімізге атақты әншінің есімін тағайындалғанымен құттықтап, өнер ордамыздан Ермек Серкебаев сияқты өңіріміздің атағын шығаратын талай әнші шығуын тіледі. Сонымен қатар кітапханамызға өзі жазған «Күй құдірет, күй – өмір» атты кітабын сыйға тартты. Ұстаздар мен өсіп келе жатқан домбырашылар үшін кітаптың құндылығы мол: кітап тұнып тұрған ұлттық өнер, дәстүр.

Оқу жылының қорытындылары
Биылғы оқу жылын мектебіміз толағай жетістіктермен аяқтады. Көптеген оқушылар халықаралық, республикалық конкурстарының жеңімпаздары атанды. Жыл қорытындысы бойынша оқу үздіктері: Ораз Ақгүл 5А сынып, Несипбаева Назым 5Б сынып, Жұмекен Асылжан 6А сынып, Тлеулина Айнура 7А сынып; Вяткина Елена 9Б сынып.
Рейтинг нәтижесі бойынша: «Жыл оқушысы 2021» - Кудальцова Мария, Рожнова Арина; «Жыл мұғалімі-2021» – Вчерашняя Елена Александровна, Джаманчалова Евгения Дмитриевна, «Үздік сынып – 2021» - 76 «А» сынып оқушылары, Үздік сынып жетекшісі – Умарова Зауреш Ибраевна.
Жеңімпаздарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып отырып, шығармашылық табыс пен оқу мен өнерде үздік нәтиже тілейміз! № Сынып Ұпайлар саны Орын Сынып жетекшісі
1. 7А 807 І орын Умарова Зауреш Ибраевна
2. 9Б 663 ІІ орын Майя Кәрімқызы
3. 9А 652 ІІІ орын Қайбілда Нұрмұхамед Ибадуллаұлы
4. 5А 576 Мухамедгалиева Роза Жумашевна
5. 6А 562 Байдаулетова Рысжан Нургельдиновна
6. 6Б 557 Акмутдинова Унзиля Мухамедкалиевна
7. 8А 546 Садуева Зейнегуль Жанабаевна
8. 5Б 543 Крапивьянова Маргарита Александровна
9. 7Б 532 Аубакирова Менсұлу Казыкеновна
10. 8Б 453 Шарипов Нұрсұлтан Бауыржанович Алғыс хаттармен келесі ұстаздар мен тәрбиешілер марапатталды:
Оқушыларды облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға сапалы даярлағаны үшін:
1. Асхатова Надия Радиковна
2. Шин Алена Алиевна
3. Алгожина Данара Мейрамбековна
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қосқан үлесі және мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін:
1. Мешетбаева Айгуль Сапаргалиевна
2. Байдаулетова Ырысжан Нургельдиновна
3. Умарова Зауреш Ибраевна
4. Тлеужанова Нагима Сапаргалиевна
5. Майя Кәрімқызы
6. Мустафина Жанаргуль Балгабековна
7. Қайбілда Нұрмұхамед Ибадуллаұлы
8. Сейтахметова Зайнура Сабитовна
9. Рыспекова Меңтай Болатовна Биылғы жылы мектебімізді 39 оқушы аяқтап отыр. Және біз олармен қоштаспаймыз, өйткені олардың көпшілігі оқуын Кешенімізде жалғастырады. Енді олар Өнер колледжінің студенттері болады.
Құрметті түлектер, көздеген мұрат - мақсаттарыңызға жетіп, шеберлігі шыңдалған маман иесі болуларыңызға тілектеспіз! Қадам басып отырған жаңа өмір жолында бәсекеге қабілетті білім, креативті көзқарас, шығармашыл ой-өріс өмірлік серіктерің болсын. Алған білімдеріңіз бен барлық күш-жігерлеріңізді Тәуелсіз еліміздің игілігін арттыруға, одан әрі нығайтуға жұмсайды деп сенеміз. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілейміз!
Осындай қысылтаяң шақта жан-жақты білім беруге бар күш-жігерін салған ұстаздар қауымына мықты денсаулық, шығармашылық ізденіс пен табыс, мол күш-қуат, білім-өнер шыңына жетелеген зерек оқушыларыңыздың көбейе беруін тілейміз!
Сонымен қатар жан-жақты қолдау көрсете білген ата-аналар қауымына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Баршаңызға жазғы демалыс кезінде жақсы демалып, жаңа оқу жылына күш-қуатпен оралуыңызды тілейміз.
Жаңа оқу жылында жолыққанша!

«Біз таланттарды іздейміз!» атты облыстық шығармашылық онлайн портфолио конкурсының қорытындылары

Міне, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілген «Біз таланттарды іздейміз!» облыстық шығармашылық онлайн конкурсы өз мәресіне жетті.

Аталған конкурсының мақсаты мен міндеттері:

- дарынды балаларды, олардың шығармашылық әлеуетін анықтау және қолдау.

- облыс балаларының музыкалық-эстетикалық дамуын дамытуды ынталандыру;

- білім алушылардың коммуникативтік құзыреттерін дамыту, өз қызметін таныстырудың қазіргі заманғы нысандарын көрсету;

- өскелең ұрпақты үздік отандық және классикалық музыкалық дәстүрлерге баулу, сондай-ақ табысты әлеуметтік бейімделуге және жас дарындарды қоғамда таныту;

- музыка, өнер, жалпы білім беретін мектептерінің басшылары мен педагогтерінің шығармашылық іздестіруді көтермелеу.

Конкурс айтарлықтай қызығушылық тудырды. Конкурсқа 46 қатысушы қатысты.

Қатысушылар өздерінің шығармашылық презентацияларын PowerPoint форматында дайындап ұсынды. Онда қатысуды растайтын жинақталған материалдардың мақсаттары, бөлімдері, мысалдары көрсетілген (қатысуымен), шығармашылық қызметі туралы (мектеп ішілік және мектептен тыс концерттер мен іс-шаралар), және http://www.youtube.com арнасына орналастырылған оқушылардың жұмыстары немесе өнерлерін көрсететін бейнематериалдарға сілтемелер берді.

Қазылар алқасы мүшелерінің қорытынды нәтижелері бойынша «Біз таланттарды іздейміз!» онлайн-конкурсының жеңімпаздары келесі оқушылар болды:

І орын – Емельяненко Вера

І орын – Шергалиева Жансая

ІІ орын – Еслям Аяулым

ІІ орын – Сәрсен Мөлдір

ІІІ орын – Ержан Аружан

ІІІ орын – Лезбаев Нариман

Құттықтаймыз! Сіздерге сарқылмайтын шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

Қымбатты оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және біздің сайтымыздың қонақтары, сіздерді ДБМ-нің түлегі – Екатерина Задорожнаяның онлайн-концертіне шақырамыз. Екатерина 2011 жылы ДБМ-ды фортепиано мамандығы бойынша бітіріп, кейін Мәскеу консерваториясын үздік бітіреді. Екатерина халықаралық байқаулардың лауреаты.

Инстаграмдағы концерттің тікелей эфирі бүгін, 25.12.2020 ж., Мәскеу уақытымен 19: 00-де. https://www.instagram.com/p/CJLhNJQgr1x/?utm_source=ig_web_copy_link

(Концерт Instagram-да сақталады).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №648 Қаулысы

Солтүстік Қазақстан облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

1) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Өнер колледжі – музыкалық эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ермек Серкебаевтың есімі;

2) «Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Ақан серінің есімі берілсін.

2. Мынадай білім беру ұйымдары:

1) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының «№4 Булаево орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы «Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Преснов жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/decisions/07102020-648
Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.



Текст
Виртуальная приемная