Құқық бұзушылықтардың алдын алу


2025-2026 оқу жылының 12 қыркүйегінде «Бейіндік циклінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы жалпымектептік ата-аналар жиналысында Петропавл қ. ПБ ҚЮП ПБ УПИ полицияның аға лейтенанты Наурызбаева Д.К қатысты. «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шаралары» жөніндегі жұмысқа ата-аналар, мектептегі барша ұстаздар қауымымен бірге құқық қорғау бөлімі де жұмыла атсалысуға тырысса оқушылардың қауіпсіздігі сақталатынын түсіндірді. Балаларды жауапкершілікке баулып, оларға кез келген әрекеттің салдары болатынын түсіндіру маңызды. Өйткені, бұл – мемлекеттік маңызы бар міндет. «Заң мен тәртіп» қағидаты тәрбие жұмысының ажырамас бөлшегіне айналуға тиіс.
- Қазақстан Республикасында ата-аналардың жауапкершілігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабында бекітілген. Онда кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, білім беру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындауы қажет екені айтылды




Текст
Виртуальная приемная