"Жұлдыз" балалар ұйымы



«Жұлдыз» балалар ұйымының қатарына қабылдауымен құттықтау номерлері


Жұлдыз балалар ұйымына қабылдау — 2020


Балалар уйымы туралы

Дарынды балалар мектебінде көп жылдан бері "Жұлдыз" балалар ұйымы жұмыс атқарып келеді. Бұл ұйымның қызметі оқушыларға қоғамға бейімделуге басқа адамдармен әлеуметтік қарым-қатынас жасауға, өзінің ерекшелігін көрсетуге, шығармашылық дағдыларын дамытуға, өз бастамаларын жүзеге асыруға, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.


Кызметы туралы

«Жұлдыз» балалар ұйымы мектеп өміріне белсене қатысады: мерекелік және сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді, концерттік қызметке және қоғамдық акцияларға қатысады.


Әртістер қатарына қабылдау

Мектебіміздің тағы да бір жақсы дәстүрі "бірінші сынып оқушылар қатарына қабылдау" іс-шарасы болып табылады. Онда мектеп түлектері бірінші оқу жылының оқушыларын "ДБМ" оқушылар қатарына қабылдайды.


Ұйым қатарына қабылдау

Жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында балалар ұйымының қатарын жаңа мүшелері – бірінші оқу жылының оқушылары толықтырады. Балалар ұйымының күшімен "Жұлдыз" қатарына қабылдауға арналған мерекелік іс-шара өткізіледі. Мектеп түлектері кіші жолдастарына тілек білдіріп, салтанатты түрде өз қатарына жаңа мүшелерді қабылдайды.


Сайлау

Демократиялық негізінде мектебімізде "Жұлдыз" мектеп ұйымының Президент сайлауы өтті. Сайлау алдындағы науқан барысында штаб белсенді қызметін бастады: үнпарақтар мен үгіт-насихаттау плакаттары ілінді, концерттік бағдарлама дайындалды. Сайлау алдындағы тыңдаулар барысында әрбір кандидат өзінің мектеп Өзін-өзі басқару ұйымын дамыту бағдарламасын ұсынды.


Мұғалімдер күні

Жыл сайын мектеп ұйымының мүшелері Мұғалімдер күніне арналған мектептің өзін-өзі басқару күнін өткізеді. Оқушылар мерекелік дәліз, құттықтаулар, салтанатты концерт ұйымдастырады, мұғалімдер ретінде сабақтар өткізеді.


Күзгі бал

Сыныптан тыс қызметінің жарқын іс-шаралардың бірі - "Күзгі бал" мерекесі. Ол әрқашан өте көңілді өтеді, өйткені онда оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, дағдылары мен бастамаларын жүзеге асыра алады.

"


Концерттер

"Жұлдыз" балалар ұйымының мүшелері кәсіби бағдар беретін және мерекелік концерттерге тек өз мектебінің қабырғасында ғана емес, сонымен қатар қаланың және облыстың көптеген білім беру ұйымдарының концерттік алаңдарына белсене қатысады.





Текст
Виртуальная приемная