Колледж абитуриентіне


Қабылдау комиссиясының телефоны 8(715-2)33-57-01




Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі

«Ермек Серкебаев атындағы - Өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат»Кешені» КММ

Құжаттарды қабылдау: 2023 жылғы 20 маусымнан 20 шілдеге дейін

Апта күндері

Жұмыс уақыты

Түскі үзіліс

1

Дүйсенбі

9.00-ден 18.00-ге дейін

13.00-ден 14.00-ге дейін

2

Сейсенбі

9.00-ден 18.00-ге дейін

13.00-ден 14.00-ге дейін

3

Сәрсенбі

9.00-ден 18.00-ге дейін

13.00-ден 14.00-ге дейін

4

Бейсенбі

9.00-ден 18.00-ге дейін

13.00-ден 14.00-ге дейін

5

Жұма

9.00-ден 18.00-ге дейін

13.00-ден 14.00-ге дейін

6

Сенбі

10.00-ден 13.00-ге дейін

7

Жексенбі

демалыс күні


2023-2024 оқу жылына «Ермек Серкебаев атындағы Өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені»коммуналдық мемлекеттік мекемесіне оқуға қабылдау қағидалары


2023 - 2024 оқу жылында Өнер колледжіне оқуға түсушілер үшін қабылдау емтихандары мен кеңес беру КЕСТЕСІ





«Ермек Серкебаев атындағы -Өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» Кешені» КММ

2023-2024 оқу жылына талапкерлерді қабылдауды жариялайды

9 сынып негізінде оқу мерзімі 3 жыл 10 ай

«Хореография өнері» мамандығында 2 жыл 10 ай

Оқыту тілдері: қазақ, орыс

Мемлекеттік үлгідегі диплом

Мемлекеттік стипендия төленеді

«Фортепиано» мамандығы

Біліктілігі: «Балалар музыка мектебінің оқытушысы, концертмейстер»

Педагогикалық тәжірибе: Кешен жанындағы БММ

«Үрлемелі және ұрмалы аспаптар» мамандығы

Біліктілігі: «Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр,ансамбль әртісі(жетекшісі)»

Педагогикалық тәжірибе: Кешен жанындағы БММ

«Ішекті аспаптар» мамандығы

Біліктілігі: «Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр,ансамбль әртісі(жетекшісі)»

Педагогикалық тәжірибе: Кешен жанындағы БММ

«Қазақ және орыс халық аспаптары» мамандығы

Біліктілігі: «Балалар музыка мектебінің оқытушысы, халық аспаптар оркестрінің әртісі (жетекшісі)»

Педагогикалық тәжірибе: Кешен жанындағы БММ

«Хорға дирижерлік ету» мамандығы

Біліктілігі: «Оқытушы, хормейстер»

Хор тәжірибесі: ҚМҮ хор ұжымдары

«Музыка теориясы» мамандығы

Біліктілігі: «Преподаватель детской музыкальной школы»

Педагогикалық тәжірибе: Кешен жанындағы БММ

«Ән салу» (академиялық, эстрадалық, домбырамен ән салу) мамандығы

Біліктілігі: «Академиялық (эстрадалық, домбырамен) ән салу әртісі, ансамбль солисі»

Педагогикалық тәжірибе: Кешен жанындағы БММ

«Хореографиялық өнер» мамандығы

Біліктілігі: «Би ансамблінің әртісі»

Өндірістік тәжірибе: хореографиялық ұжымдар (Қазақ театры, ОБжәнеЖШО)

«Актёрлік өнер» мамандығы

Біліктілігі: «Драма театр әртісі»

Өндірістік тәжірибе: қала театрлары (орыс драма, қазақ, қуыршақ)

«Кескіндеме, мүсіндендеу және графика» мамандығы

Біліктілігі: «Суретші»

Өндірістік тәжірибе: жарнама агенттігі, бейнелеу өнері мұражайы


Қажетті құжаттар:

1. Өтініш

2. Білімі туралы құжат (түпнұсқа)

3. Медициналық анықтама (086-У нысаны, түпнұсқа және флюоротүсірілім)

4. 4 сурет 3х4

5. Туу туралы куәлік/жеке куәлік (сәйкестендіру үшін)

6. БММ, студияларды бітіргені туралы куәлік (бар болса)

Емтихан тапсырғаннан кейін конкурстық негізде қабылдау (мамандық бейіні бойынша 2 шығармашылық емтихан).

Құжаттарды қабылдау мерзімі 20 маусымнан 20 шілдеге дейін.

Шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімі 21-28 шілде аралығында.

Біздің мекен-жайымыз: СҚО, Петропавл қ., Интернациональная к-сі, 81 телефон 33-05-78

Сайт: http://komplekssko.edu.kz/


Жатақхана

Өнер колледжінде 57 орынға арналған жатақхана бар, ол кешеннің 5 қабатында орналасқан. Студенттер 100% жатақханамен қамтамасыз етілген.

Жатақханада 23 бөлме бар, бөлмелер екі, үш студент тұруға арналған. Жатақханада ас бөлме, санитарлық тораптар бар.

Бөлмелер ағаш керуеттермен, тумбылармен, кілемдермен, киімге арналған шкафтармен жабдықталған. Ас бөлмеде электроплиталар, тоңазытқыш бар. Жұмсақ жиһазбен, теледидармен жабдықталған демалыс бөлмесі бар.

Жатақханада тұратын студенттер жұмыс жоспарына сәйкес өтетін, әр түрлі іс-шараларға қатысады. Жатақханада Студенттік Кеңес жұмыс істейді, ол студенттерге оқу, мәдениет, санитарлық-гигиеналық, спорт және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсартуды ұйымдастыруға көмек көрсету мақсатында құрылған.




Текст
Виртуальная приемная