Іс-шаралар


2024 жылы 14 наурызда ПЦК жұмысының жоспары негізінде «Міндетті фортепиано» «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ

мектептің музыка бөлімдерінің («Арнайы фортепиано» бөлімінен басқа) оқушылары арасында «Жас музыкант» байқауы өтті.

"Жас музыкант" байқауының қорытындысы

"Фортепианалық ансамбль" номинациясы

Кіші топ

I орын

Журсунова Сабина- Бейсенбі Райымбек

II орын

Тлеужан Жанайым- Тлеужан Санжар

Сатыбалды Гүльжихан - Әшкен Жанболат

III орын

Галибаева Данеля - Мадияр Данияр

Дуйсен Марал - Кайрат Мерей

Михайлова Варвара - Болат Жан

"Фортепианалық ансамбль"номинациясы

Орта топ

Гран-При

Тахирова Фарида - Гарипова Асем

I орын

Нурлан Шырайлым - Абаева Медина

II орын

Коротаев Егор - Ербулатов Талгат

Садыкова Камила - Сураган Даяна - Кайрат Мерей

Курманова Даяна - Каиржан Рустем

III орын

Ермек Айнура - Сураған Даяна

"Фортепианалық ансамбль"номинациясы

Жоғары топ

I орын

Айткен Ислам - Оплетин Михаил

II орын

Кулекин Далер - Жумекен Асылжан

Жахина Айзере - Оплетин Иван

III орын

Уатаева Аида - Кенжебаев Мирас

"Жас концертмейстер"номинациясы

Гран-При

Скорынин Алексей


Қазіргі музыкалық педагогиканың алдында басты міндет- қоғам сұранысына ие табысты шығармашыл маманды қалыптастыру.

Біздің жұмысымыздың ерекшелігі – дарынды балалармен жұмыс.

Мұғалім мен дарынды баланың қарым-қатынасы оның қабілеттерін дамытуға, оқуға ынтасын арттыруға бағытталуы қажет. Бұл күрделі және ешқашан тоқтамайтын үрдіс.Оқушымен жұмыс жасау– әрқашан жаңа шығармашылық міндет болып табылады.

2022 жылдың 30 қарашасында ««Көмек Times» тәлімгерлік идеясы жобасы аясында Қызылжар ауданы «Мерей» өнер мектебі базасында «Дарынды балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістері» атты тақырыбы бойынша облыстық әдістемелік семинар өткізілді.

«Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені»КММ мұғалімдері дарынды балалармен жұмыс жасауда өз әдіс-тәсілдерімен бөлісті.


Оқытушылар К.П.Руженская мен К.Е.Федорова «Кескіндеме» бөлімінің оқушылары мен мұғалімдері үшін «Сурет сабағында жұмсақ материалмен жұмыс істеу» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Шеберлік классында жұмсақ материалдардың түрлері мен ерекшеліктері көрсетілді.

Жұмсақ графикалық материалдармен жұмыс істеудің құпиялары мен әдістері ашылды.

Жұмсақ материалды «құрғақ» және «ылғалды» қолдану әдістеріне баса назар аударылды.

Шеберлік классында демонстрациялық әдіс қолданылды.

Сондай-ақ, балалар жұмыс технологиясын көріп қана қоймай, сынап көрді.

Олар сангина сепия және соус сияқты жұмсақ материалдармен танысты.


Фортепиано бөлімінің меңгерушісі Ю.В.Команок осы бөлімнің оқушылары мен мұғалімдері үшін «Арнайы фортепиано сабақтарында техникамен жұмыс істеу» тақырыбында шеберлік сабағын көрсетті.

ШК -н жүргізу барысында әртүрлі стильдер мен жанрдағы шығармалар бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен, И.Бахтың инвенциясында, жұмыстағы басты ерекшелік дауыстардың полифиндік дамуын дамытуға баса назар аударылды.

Классикалық сонатамен жұмыс істегенде штрихтардың орындалу дәлдігіне, шығармалардың метроритм бірлігіне және қол арақатынасындағы тепе-теңдікке көңіл бөлінді.

Қазақ композиторларының шығармаларында әуезді кантилена дыбысын, сүйемелдеудің жұмсақтығын және әуеннің тегіс терең дыбысын іздеуге бағытталды.

Юлия Васильевнаның жұмысы барысында оқушылар шығармалардың формасы мен құрылымына, сонымен қатар шығармалардың дыбыстық сипатына талдау жасай отырып, әңгіме жүргізді.

Мұғалімнің барлық ауызша түсіндірмелері аспапта көрсетіліммен сүйемелденді.


М.С. Сапаркулова мұғалімдер мен оқушыларға «Домбыра аспабында орындауда дыбыспен жұмыс жасау» тақырыбында шеберлік сабағын домбыра классы бойынша өткізді.

Мұғалім оқушының шығарманы орындауындағы қателіктерді жою бойынша жұмысты сәтті жүзеге асырады. Дыбыс шығаруды, нота мәтінін ойнатудың тазалығы мен дыбыс сапасын жақсартудың тиімді тәсілдерін ұсынды. Оқушы ноталық мәтінге және шығарманың көркемдігіне сәйкес динамикалық белгілерді саналы түрде қабылдап жұмыс жасап көрсетеді. Мұғалім орындаушының қол қойылымына байланысты қателіктерді түзеу бойынша ұсыныстар жасады: оң қол білезік буынын босатып ұстап қағыс жасау бойынша жұмыс жасау. Оқытушының пайдаланған жұмыс әдісі орындаушының алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, орындаушылық дағдыларды жақсартуға мүмкіндік берді.


Шеберлік классының тақырыбы - «Хореографиялық өнердің арнайы пәндері сабақтарында қимылдарды орындаудың мәнерлілігі мен техникасы бойынша жұмыс».

О.Ю.Дәулетбаева., К.С.Плохенко.,Т.Е.Каменева және концертмейстерлер: А.В.Трофимова.,Н.П.Пронин өткізген «Хореография» бөлімінің оқушылары мен оқытушыларына арналған «Хореографиялық өнердің арнайы пәндері сабақтарында қимылдарды орындаудың мәнерлілігі мен техникасы бойынша жұмыс» - атты шеберлік сабағының тақырыбы осындай болды.

Арнайы пәндер бойынша шеберлік сабағы классикалық би сабақтарының фрагменттерінен, заманауи хореографиядан, қазақ және халықтық сахналық билерден тұрды.

Классикалық би бойынша станокта экзерсис ұсынылды, залдың ортасында шағын ададжио мен allegro болды. Станоктағы экзерсис комбинациялар арасындағы қызықты ауысулармен және байланыстармен бір композициялық жоспарда орындалады. Комбинациялар бойынша жұмыста айналымдар мен бұрылыстарды орындау техникасына, үйлестіру мен мәнерлілікке баса назар аударылды.

Заманауи хореографияға сәйкес залдың ортасында би комбинациялары әртүрлі техникада орындалады: модерн, модерн - джаз, contemporary. Demi plie комбинациясы дене бұлшықеттерінің жиырылуы мен босаңсуына ықпал ететін "контракшин" и "релиз" принциптеріне негізделген. Екінші комбинация «свинг» қолдың бұлшық еттерін босаңсу мүмкіндігіне бағытталған. «Grand battement» комбинациясы үлкен лақтырулар, секірулер мен айналуларды алға қозғалыспен біріктірді. Соңғы би комбинациясы құлау, домалау, секіру, "контракшин" и "релиз" негізделген contemporary техникада орындалады.

Халықтық сахналық бидің тақырыбы әлем халықтары бидің көрінісінде этюдтарды көрсету болды. Дайындалған материал үшінші оқу жылының бағдарламасына енгізілген ұлттар: молдаван, поляк және армян билері негізінде құрастырылған.

Қазақ биі бойынша этюд әйелдер қазақ биінің лексикасы негізінде құрылған.

Студенттер жоғары орындаушылық пен мәнерлі техника көрсетіп, әр ұлттың мінез-құлқын, орындау тәсілін шебер жеткізе білді.

Мұғалімдер өз жұмыстарында қимылдарды орындау әдістемесін түсіндіру, практикалық көрсету әдісін қолданды.

Қазақ этюдін көрсетудегі проблемалық жағы нақты қимылдардың мәнерсіз орындалуы болды.

Семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті, әріптестер тарапынан көптеген оң пікірлер алынды. Бұл педагогикалық тәжірибенің практикалық маңызы зор екенін және болашақта мұғалімдерге пайдалану үшін ұсынылады.




Текст
Виртуальная приемная