Құқық бұзушылықтың алдын алу


2025 жылдың 23 қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Басқармасының бұйрығымен қалалық мәдениет үйінде «Закладчики. Расплата» деректі фильмінің жаппай көрсетілімі өтті.«Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ оқушылары фильмнің көрсетіліміне қатысты. Фильмді қарамас бұрын Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Басқармасының басшысы Р.Сапаров оқушылар мен студенттерге есірткі қылмысын анықтау және жастар арасындағы нашақорлықтың алдын- алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті. «Закладчики Расплата» фильмі: есірткі бизнесінің қараңғылығын көрсететін жастар мен есірткі мәселесіне көзқарас. «Закладчики. Рксплата» фильмі: есірткі бизнесінің қараңғылығын көрсететін жастар мен есірткі мәселесіне көзқарас.Ұйымдастырушылар көлеңкеде қалып, жазасыз қалса,бас бостандығы мен өмірін қатерге тігіп, ең төменгі сатыда жүргендердің мазасыз күйін қашырады.Фильмді көрген оқушылар мәселенің маңыздылығын толық түсініп қайтты. Фильм «оңай ақша» табу жолдарынан сақтануға қарсы күшті ескерту болды. Фильм кейіпкерлерінің оқиғалары ешкімді бей-жай қалдырмады.


Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында 2022 жылғы 14 қыркүйекте кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор полиция майоры Е.П. Леоненко, Умарова А.И. мен 8-9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.




Текст
Виртуальная приемная