Ермек Серкебаев атындағы Облыстық жас вокалистер байқауының Ережесі
ЖҮКТЕП АЛУ
НЕГІЗГІ АҚПАРАТ
ӨТКІЗУ ОРНЫ: Петропавл қаласы, Интернациональная көшесі 81. «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі - өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені» КММ.
ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 02.11.2023 ж.
БАЙҚАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі-өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені» КММ.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
- Қатысушылардың мәдени дамуына қолайлы жағдай жасау.
- Мәдени әлеуетті сақтау және дамыту, жас дарындарды мәдениет пен өнердің озық үлгілерімен таныстыру.
- Шығармашылық қабілеттердің өсуіне және тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ету.
- Қазақстан Республикасының көпұлтты мәдениетінің дәстүрлерін сақтау және дамыту.
- Отан тарихына, мәдениетіне, өнеріне қызығушылықтарын дамыту.
БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- Дарынды балаларды анықтау және қолдау.
- Балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыруды жетілдіру.
- Өскелең ұрпаққа адамгершілік-патриоттық және эстетикалық тәрбие беру.
ЖЮРИ:
- қазылар алқасы сайысқа қатысушыларды 10 балдық жүйе бойынша бағалайды;
- шешімдер түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды!
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:
- орындаушылық шеберлік, музыкалық материалды таңдау және сәйкестік;
- әртістілік;
- сахналық мәдениеті;
- интонацияның тазалығы;
- тембр сұлулығы мен дауыс күші;
- шығармашылық даралық;
- түпнұсқалық.
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР: Жалпы білім беретін мектептердің 5-9 сынып оқушылары, балалар музыка мектептерінің, өнер мектептері мен студияларының оқушылары. Жас санаттары: орта топ – 10-13 жас, үлкен топ – 14-16 жас.
БАЙҚАУДЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ:
- Домбрамен ән айту;
- Академиялық ән айту;
- Эстрадалық ән айту.
ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:
- Әр қатысушы 2-5 минутқа дейінгі әртүрлі жанрдағы екі шығарманы ұсынуы керек.
- Конкурстық қойылымдарда «+» фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады.
- Байқау лауреаттарын дайындаған оқытушылар мен концертмейстерлер алғыс хаттармен марапатталады.
- Жіберуші тарап қатысушыларды ілеспе оқытушыға немесе концертмейстерге жауапкершілік жүктей отырып, өз есебінен жібереді.
- Байқауды ұйымдастыру комитеті басқа қалалық қатысушыларды кезекші концертмейстермен қамтамасыз етпейді.
- Өтінімдер (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде) және фонограммалар 2023 жылдың 23 қазанына дейін vokall@list.ru электронды поштасына жіберіледі.
МАРАПАТТАУ:
- Қойылым жанрлары мен номинациялар бойынша марапаттар жас топтары бойынша бөлінеді.
- Қатысушылар Гран-при, I, II, III дәрежелі лауреаттардың дипломдарымен марапатталады.
ӘДІЛҚАЗЫЛАР:
• қазылар алқасы сайысқа қатысушыларды 10 баллдық жүйе бойынша бағалайды, қорытынды нәтиже – алынған орташа ұпай санының қосындысы;
• шешімдер түпкілікті болып табылады және қайта қаралуға жатпайды;
• қазылар алқасының құрамы «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі - өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» Кешені КММ
оқытушылары мен Ақан сері атындағы Облыстық филармониядан шақырылған солистері арасынан қалыптасады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Әрбір фонограмма толық жазылуы қажет: қатысушының тегі мен аты, әннің аты.
Мысалы: Катя Иванова - Күн шеңбері
ТОЛЫҚ ЖАЗЫЛМАҒАН фонограммалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!!!
Анықтама үшін телефон : 87053206497
ӨТІНІМ ҮЛГІСІ
Қатысушының аты жөні
|
|
Қатысушының туған күні, айы, жылы
|
|
Жас ерекшілік санаты
|
|
Номинация
|
|
Байқау бағдарламасы (әндердің орындалу ретін, композиторын, шығарманың атауын, орындалу уақытын ескере отырып толтыру)
|
1.
2.
|
Оқытушының және концертмейстердің АТЫ-ЖӨНІ (болған жағдайда)
|
|
Қатысушының ұялы телефоны мен электронды поштасы
|
|
Педагогтің ұялы телефоны мен электронды поштасы
|
|
Қатысушыны білдіретін, мекеменің атауы
|
|
Мекеменің байланыс деректері (пошталық мекен-жайын, телефон нөмірін, электрондық поштасын көрсетіңіз)
|
|